Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тальгода жолсеріктер зорлаған әйел ғылым докторы болып шықты

Опубликовано:

"Тұлпар-Тальго" пойызында жолсеріктер зорлаған әйелге қатысты тың ақпараттар пайда болды. Жәбірленуші Ақтөбедегі беделді тұлғалардың бірі болып шықты деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: Twitter

«Не молчи kz» қозғалысының басшысы Дина Смаиловаға сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, жәбірленуші 35 жаста, ол ақтөбелік бизнес-клубтардың белгілі маманы, ғылым докторы.

Келіншек біршама уақыт шетелде болған, өз кәсібі бар, көп білім алған және тәжірибесі бар басшы.

Смаилованың айтуынша, болған оқиға оның психологиялық жағдайына әсер еткен. Сол себепті, доктор психотерапевт пен психологтың көмегіне жүгінген.

Анықталғандай, аталған жағдайдан әйелдің туыстары бейхабар. Бұл жайында тек оның жан құрбысы мен дәрігерлер біледі.

Дина Смаилованың сөзінше, сот үкімін естіген соң келіншек ауруханаға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1807788-talgoda-zolserikter-zorlagan-jel-gylym-doktory-bolyp-sykty/

pixel