Выйти
RU

Ғаламдық масштабтағы апат: Сібірдегі орман өртінің түтіні Алматы облысына жетті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сібірдегі орман өрті салдарынан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарындағы ауа сапасы нашарлап кетті деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі фото: ria.ru

Көрнекі фото: ria.ru

NASA-ның Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған суреттер 26 шілдеден бері жалын құшағында қалған орман аумағы ұлғайып бара жатқанын көрсетіп отыр. Өрттің түтіні батысқа қарай тарап жатыр.

Соған байланысты, СҚО, ШҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын, Нұр-Сұлтан қаласын басып қалған түтін енді Қарағанды облысына тарап, тіпті Алматы облысының солтүстік аудандарына да жеткен.

Фото: Қазгидромет

Фото: Қазгидромет

"Қазгидрометтің" экологиялық мониторинг стансаларынан алынған деректерге қарағанда, Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумақтарында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кеткен.

Фото: Қазгидромет

Фото: Қазгидромет

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауада ластайтын заттардың жиналуына мүмкіндік беретін қолайсыз метеожағдай қалыптасты.

Аталған облыстарда жылдамдығы секундына 6 метр оңтүстік батыс желі байқалады, көп өңірде жаңбыр жаумаған, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында түтін байқалады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғаламдық масштабтағы апат: Сібірдегі орман өртінің түтіні Алматы облысына жетті (фото, видео)