Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті келіншекпен бірге билеген медбике мен дәрігер желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Шымкенттегі қалалық перинаталдық орталықтың Instagram парақшасында ай-күні жақындаған келіншекпен бірге билеген медбике мен дәрігердің видеосы жарияланды. Ақ халаттылар мың бұралған келіншектің жеңіл босанғанын айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ instagram.com/gpc_nursat
Фото: Видеодан кадр/ instagram.com/gpc_nursat: UGC

Кадрлардан ақ халатты мен жүкті келіншектің билеп жатқанын аңғаруға болады. Перинаталды орталықта атап өткендей, бұл денсаулыққа оң әсерін тигізеді.

"Біздің дәрігердің аса ірі тәжірибесі және позитив қажетті нәтижеге қол жеткізуге көмектесті. Жақсы талпыныспен, мың бұралған бимен Гаухар жеңіл босанды",- делінген жазба астында.

Жазбада жас ананың денсаулығы жақсы екені айтылды.

"Біздің Гаухарда босанудың бірінші кезеңі, 4 сантиметр, ашылу! Біздің би толғақты мерзімді түрде толғақты тоқтатып тұрды. Біз толғақтың өткенін күтіп, артынан қайта билей бердік",- деп түсіндірді орталықта.

Видеодағы келіншек дүниеге қыз алып келді. Үйде анасы мен нәрестені үлкен отбасы күтіп отыр.

Желі оқырмандары видео астына дәрігердің әрекетіне оң бағасын беретіндерін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807828-zkti-kelinsekpen-birge-bilegen-medbike-men-driger-zelini-zardy-video/

pixel