Выйти
RU

Қыз зорлады деп айыпталған жолсеріктерге шыққан үкімнің заңдылығы тексерілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тальгода жолаушыны зорлаған жолсеріктерге 26 шілде күні шыққан үкім Бас көлік прокуратурасының назарына ілікті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов өз Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Костанайские новости"/ Сергей Миронов

Фото: "Костанайские новости"/ Сергей Миронов

Сот жарыссөзі барысында прокурор айыптауды толық көлемде қолдаған. Ол соттан кінәлілерді 6,5 жылға соттауды сұраған.

Соған қарамастан, сот басқа үкім шығарған.

Прокуратурада қазір сот үкімі заңдылық пен негізділік тұрғысынан зерделеніп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін тальгода қыз зорлады деп күдіктелген жолсеріктердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Күні кеше сот үкім шығарып, оларды 2,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал жәбірленуші, ғылым докторы үкімді естіген соң ауруханадан бір-ақ шыққан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қыз зорлады деп айыпталған жолсеріктерге шыққан үкімнің заңдылығы тексерілмек