Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Еркек шәуетінің әйел денсаулығына пайдалы екені рас па?

Опубликовано:

Еркек шәуеті әйел ағзасына тұрақты түсіп тұруының үш түрлі пайдасы бар деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

1. Жүкті бола алмай жүрген әйелдер үшін...

Қынаптың микрофлоралы қабатына түрлі пайдалы патогенді микроағзалар кіреді. Әр түрлі факторлардың әсерінен аталған микрофлора ондағы пайдалы бактерияларға теріс әсер етеді. Сақтанбаған жыныстық қатынас кезінде сперма қынаптағы бездерден бөлінетін сөлмен байланысқа түсіп, патогенді микробтардың санын азайтады. Қынаптың мкрофлорасы жақсара түседі. Тағы бір пайдасы, жүкті болмай жүрген әйелдерге арнайы медициналық зерттеуден соң сақтанбаған жыныстық қатынасқа түсу кеңес етіледі. Бұл әйел ағзасындағы аутоиммундық реакцияны (көбіне бала сүйе алмау аутоиммундық реакциядан да болады) жою үшін жасалады.

Бұл жүйе қорғау қызметін атқарады. Ағзаға түскен патогенді вирустар мен инфекциялардан соң арнайы жасушалар – антиденелер түзіледі. Антиденелер антигендермен байланысқа түсіп, ол қан сараптамасында көрінеді. Егер некелі жұптарда осындай проблема байқалса, мамандар оларға сақтанбаған жыныстық қатынасқа түсуге кеңес береді.

Бұл тәсілдің пайдасы – сперматозоидтардың молекуласындағы ДНҚ-да. Ол қышқыл әйел ағзасын бейімдейді. Аутоиммунды рекакция төмендеп, антидене түзілуі кемиді. Яғни, әйел ағзасы еркектің спермасын қалыпты түрде қабылдай бастайды. Тірі сперматозоидтар әйелдің жатырына өте бастайды. Бұл әйелдің жүкті болу мүмкіндігін арттырады.

2. Шәует қынапты созылмалы етеді

Қынаптың өзі созылмалы екендігі белгілі. Қынап қабырғалары жиырылып-созылуы үшін көптеген бұлшықет талшықтарынан тұрады. Дегенмен, уақыт өте келе ол да созылмалы қасиетінен ажырай бастайды. Ал шәует құрамында қынап бұлшықеттерін созылмалы етуге көмектесетін коллаген болады.

3. Әйелдегі гормондық жүйе қызметін қалыпты етеді

Сақтанбаған жүктілік, яғни, қынап арқылы еркек шәуетін тұрақты қабылдау – әйелдердің гормондық жүйе қызметін қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Оған себеп – сперма құрамындағы заттар. Ұрықтық сұйықтық қынапқа түскенде біршама бөлігі сіңірілетіні байқалған. Соның әсерінен эстроген гормонының мөлшері көбейеді. Ал эстроген әйелдердегі етеккір циклі мен репродуктивті жүйесіне жауап беретіні белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807836-18-erkek-suetini-jel-densaulygyna-pajdaly-ekeni-ras-pa/

pixel