RU

Шымкенттік жігіт жануарлар саябағында жирафтың үстіне шығып алды (видео)

Желіде ер адамның жирафтың үстіне шығып алған видеосы тарап кетті. Анықталғандай, оқиға Шымкенттегі жануарлар саябағында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Ғаламтор кеңістігінде тарап кеткен бейнежазбадан жануарлар саябағына келген ер адамның қоршаудан секіріп, жирафтың үстіне шығып алғанын көруге болады.

Оған қоса, кадр сыртында "қаһарманның" қасындағы арулардың оның жануар үстінен түсуін өтініп жатқаны естіледі.

Болжам бойынша, азамат пен оның қасындағы бикештер мас күйінде болған.

Шымкенттік жануарлар саябағының әкімшілігі оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына арыз түсіріп үлгерді. Олар тәртіп бұзған ер адамдың жазаланғанын қалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1807851-symkenttik-zigit-zanuarlar-saabagynda-zirafty-stine-sygyp-aldy-video.html