RU

Елордалықтарды жаңбырлы күн күтуде

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Нұр-Сұлтан қаласында бүгін жаңбырлы күн болмақ. Елордада найзағай мен нөсер орын алуы да ықтимал деп жазады Gismeteo.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ
Көрнекі сурет: NUR.KZ: Original

Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, қысқа мерзімді жауын-шашын күтілуде. Синоптиктер болжамынша, алып шаһарда найзағай жарқылдап, нөсер болуы мүмкін.

Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейе түспек.

Түнде ауа температурасы 20-22 градусты құраса, күндіз бұл көрсеткіш 28-30 градусқа тең болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1807854-elordalyktardy-zabyrly-kn-ktude.html