Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полицей батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда 1988 бен 1996 жылғы екі ару "Причал" қонақ үйінің қасында суға батып кете жаздады. Абырой болғанда, қауіпті жағдайға тап болған бойжеткендерді құтқарушы мен оған көмекке келген полицей аман алып қалған деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Инкин Дмитрий и Саидов Руслан. Коллаж: NUR.KZ. Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі
Инкин Дмитрий и Саидов Руслан. Коллаж: NUR.KZ. Фото: Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі: Depositphotos

Оқиға 28 маусым күні сағат 15:00 шамасында орын алған. Дмитрий Инкин есімді құтқарушы кезекшілігі кезінде Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында батып бара жатқан бойжеткенді көріп қалған. Ол "Причал" қонақ үйінің аумағында суға түсіп кеткен.

Ер адам бірден оны құтқару үшін суға секіреді. Онымен қоса, тағы бір аруға да көмек қажет болған.

Суға батып кете жаздаған екі қызды құтқару шарасына полиция қызметкері Руслан Саидов та атсалысқан. Ол құтқарылған қызға судан жағажайға шығуға көмектескен.

Одан кейін, құтқарушы Инкин зардап шеккен бойжеткенге дәрігерлерге дейінгі көмек көрсетті. Артынан ару білікті медицина мамандарына тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807857-nr-sltanda-policej-batyp-bara-zatkan-eki-kyzdy-ktkaryp-kaldy/

pixel