Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі болашақ күйеу баласымен атқа мініп жарысты (видео)

Опубликовано:

Желіде Төреғали Төреәлінің болашақ күйеу баласымен атқа мініп жарысқан видеосы тарап кетті. Танымал спортшы Дархан Нортаев шоу-бизнес жұлдызының үлкен қарындасы Фаризаға үйленуге ұсыныс білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter

Төреғали мен Дархан Нортаевтың таныстығы жақсы өткен болу керек. Әнші Алматыға келген болашақ күйеу баласын атқа отырғызып, оның жылқыны тізгіндеу шеберлігін сынап көрген.

Спортшы мен жұлдызды қайын ағасының атқа мініп, жарысқан сәті Instagram кеңістігінде жарияланған. Оны бұл кездесуде болған қалындық Фариза Төреәлі өзінің парақшасына жүктеп қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің биыл ғана мектеп бітірген қарындасына сүйіктісі ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз. Желі қолданушылары жұлдызды әулеттің күйеу баласы әлем чемпионы болуы мүмкін деген болжам жасап үлгерген.

Дархан Нортаев Төреғалимен танысу үшін арнайы Алматыға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807867-tregali-treli-bolasak-kjeu-balasymen-atka-minip-zarysty-video/

pixel