Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында он шақты адам тас жолды жауып тастады (фото, видео)

Опубликовано:

Алматы облысындағы Бақтыбай ауылының тұрғындары республикалық маңызы бар тас жолдағы көлік қозғалысына кедергі келтірді. Жолды жауып тастаған жұртшылық бұл әрекетімен жол жөндеу жұмыстарының сапасына өз наразылығын білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Depositphotos

Адамдардың жолды жауып тастаған видеосы әлеуметтік желілерге бірден тарап кетті. Бейнежазбадан оннан астам тұрғынның Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тас жолдағы көлік қозғалысына кедергі келтіріп жатқанын көруге болады.

Sputnik Қазақстан жазуынша, тас жол өтіп жатқан елді мекеннің тұрғындары жергілікті биліктен шара қолдануды талап еткен. Олар тас жолдың үйлеріне тиіп тұрғанына шүйліккен. Жергілікті халық бір күні үйлеріне жүк көлігі келіп соғылады деп қорқуда.

Басылымның мәліметінше, жұртшылық жиылған жерге тәртіп сақшылары мен жергілікті билік өкілдері келген. Шенеуніктер наразы халықтың шағымын тыңдап, мәселені шешуге уәде берді. Одан кейін полицейлер бұл аймақтағы автокөлік қозғалысын жандандырды.

Оған қоса, полиция қызметкерлері санкцияланбаған шерудің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807878-almaty-oblysynda-on-sakty-adam-tas-zoldy-zauyp-tastady-foto-video/

pixel