Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіттің екінші әйел алатыны рас па?

Опубликовано:

Танымал әнші Бүркіт өзіне қатысты желіде тарап кеткен қауесетке жауап берді. Әнші өзін тоқал алады дегендердің сөзіне нүкте қойған деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші өз сөзінде ата-анасына қарап бой түзейтінін, әйеліне опасыздық жасамайтынын жеткізді.

"Құдай сақтасын енді. Алла біледі ғой. Ниетіміз түзу. Менен жиі сұрап тұрады бұл сұрақты. Әлеуметтік желіде де "Әйтеуір екінші әйел алып, отбасыңызды бұзбаңызшы" деп өтініш жасап тұрады. Сондықтан менің оқырмандарыма айтарым: Мен ондайға ешқашан бармаймын. Өзімнің жарымды, балаларымды сыйлаймын.
Мысалыға әке-шешемнің бірге тұрғандарына 60 жылдан асып кетті. Сондықтан да бұл бізге үлгі. Ата-анам мен үшін үлгі. Солай жасауға мен де ұмтыламын. Екінші әйел алмаймын", - деді Бүркіт.

Айта кетейік, осыған дейін Бүркіт пен Аиша жайлы қызықты мәліметтер жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807885-brkitti-ekinsi-jel-alatyny-ras-pa/

pixel