RU
Бағлан Әбдірайымов мұқтаж екі отбасыға көлік пен пәтер сыйлады (фото)

Бағлан Әбдірайымов мұқтаж екі отбасыға көлік пен пәтер сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында ұтыс ойынын ойнатып, екі мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады. Әншнің алты баласы бар отбасыға пәтер кілтін табыс етсе, екінші бір шаңырақ жеңіл көлікке ие болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өз альбомын сатып алғандар арасында лоторея ойнатқан өнер иесі сыйлықтардың шын мұқтаж жандарға бұйырғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Бүгін абыроймен іс - шараны өткізіп алдық. Бір күлдік, бір қуандық, бір жыладық. Эмоцияға толы күн болды. Сенім артып, альбомымды алып ұтысты болған жандарды құттықтаймын! Біз бәріміз ұттық. Суреттегі алты баласы бар Толқын атты анаға үй әпердік. Жеңіс осы! Алланың назарында болыңыздар!", -деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Ал желі қолданушыларының арасында көлікке ие болған отбасыны танитындары әншіге алғысын жаудыруда.

Олардың айтуынша, темір тұлпар ұтқан әйел есін жинай алмай, қуаныштан қайта-қайта талып қала берген.

"Алла разы болсын сізге! Менің көршім Бибігүл әпке бүгін осы лотореядан бас жүлдені ұтып алды. Ол кісі тағдыр тауқыметіне ұшыраған, қиыншылық өте көп көрген кісі. Әр тиынға қандай мұқтаж болғанын білсеңіз ғой. Кореяға жұмыс істеуге кетіп бара жатқан, бүгін барып билетін өткізді", - деп жазды желі қолданушысы.
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
1
63
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel