Выйти
RU

Жеті жыл арбаға таңылған жігіт махабаттың күшімен аяғына тұрып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Крис Нортон есімді жігіт 18 жасында матч кезінде соққы алып, басын жарақаттаған. Көптеген тексерістерден кейін дәрігерлер оның өмір бойы сал болып қалатынын, жазылуына еш мүмкіндік жоқ екенін айтқан. Алайда Крис сүйіктісін жолықтырып, аяғынан тік тұрып кеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілетеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Cал ауруына шалдыққан жас жігіт еңсесін түсірмей, айығып кету үшін аянбай еңбектеніп, физио ем ала бастаған. Алайда Крис бүкіл өмірін емделумен өткізгісі келмегендіктен, екінші жартысын кезіктіруге арналған қосымшаны жүктеп алған.

Қайғылы оқиғадан кейін үш жыл өткен соң Крис Эмилиді жолықтырады.

Ғашықтар мәңгі бірге болғысы келетінін түсіну үшін небәрі екі жылды қажет етті. Крис олардың сүйікті мейрамханаларының қызметкерлерінен көмек сұрап, сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Эмили ғашығының ұсынысын қабылдап, тұрмысқа шығуға келісімін берді.

Крис неке қию рәсімінде болашақ жарымен бірге кілемнің үстімен өз аяғымен жүріп өтуді мақсат етеді.

Осылайша, жеті жылдық еңбектен кейін жас жігіт алтарьға дейін 6,5 метр қашықтықты өз күшімен жүріп өтеді.

"Біз кез келген тығырықтан шығу жолы бар екенін дәлелдеу үшін адамдарға өз хикаямызды айтып бергіміз келді. Мен ешқашан осыншалық бақытты боламын деп ойламадым", - дейді Эмили.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жеті жыл арбаға таңылған жігіт махабаттың күшімен аяғына тұрып кетті