RU
"Астана" президентттік клубы кешенді аудит жүргізуде (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Астана" президенттік клубы кешенді аудит жүргізуде (видео)

Рассказать Вконтакте

"Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры Асқар Баталов "Астана" футбол клубының жаңа басшысы Михаил Гурманды таныстыру кезінде бүгінгі таңда клубтарды қаржыландыру мәселесі қалай шешілгенін айтты деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана" президентртік клубы кешенді аудит жүргізуде (видео)
""Самұрық Қазына" өзінің рөлін нақты орындайды. Бізде жоспарланған бюджеттер дер кезінде келеді. Мақсатты және нәтижелі қолданысқа деген сұраныс өткен жылдарға қарағанда жоғары", - деді Баталов мырза.

Асқар Баталовтың сөзінше, нақты бақылау үшін тұтас жағдай мен барлық мүмкін болатын индикаторлар жасақталған.

"Клубтарға арнап алған ақшаның нәтижелігі үнемі бақылауда жүреді. Қазіргі уақытта біз барлық клубтарда кешенді аудит жүргіземіз", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, бас директор Михаил Гурманның үміткерлігін қолдаудың маңыздылығын атап кетті. Алайда ол спорттық нәтижелерге қатысты мәселелердің президенттік клубтың жауапкершілігінде екенін еске салды.

"Мен бірінші басшы ретінде президенттік клубтардың ішіне кіретін клубтардың барлық нәтижелері үшін жауаптымын. Мәселен, хоккей командасының маусымды қалай өткізгенін немесе баскетбол командасының үздік маусымды қалай ойнағанын сараптамаймын.
Қазіргі уақытта велокоманда турдағы ең үздік команданың үшітігіне кіреді. Ал футбол клубына қатысты біз үлкен мақсаттар қоюдамыз. Біз әлі "Астана" футбол клубының не екенін көрсетеміз. Біз жанкүйерлердің бізге сенім артқанын қалаймыз. Себебі бұл ойынның бәрі жанкүйерлерімізге арналады", - деді Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының қатарына "Астана" ФК, "Барыс" ХК, Astana Pro Team велокомандасы мен "Астана" ПБК кіреді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel