RU
Алматылық хайуанаттар бағы зооқорғаушыларды сотқа бермек
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық хайуанаттар бағы зооқорғаушыларды сотқа бермек

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы хайуанаттар бағының басшылығы өздерін зооқорғаушымын деп атайтын адамдарды сотқа бермек. Бұл туралы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Алматы зоологиялық паркі" КМҚК директоры Вячеслав Банщиков 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап әлеуметтік желілерде жала жауып, қорлайтын жазбалар таратқан зооқорғаушыларды сотқа беру туралы шешім қабылдады. Олар басшылықты хайуанаттар бағының аумағында "мылтықпен мысықтарды атқан" деп айыптаған", - деп хабарлады баспасөз қыхметінде.

Хайуанаттар бағының өкілінің сөзінше, бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат және басшылықтың пікірінше, жала жабу болып саналады. Оған қоса, баспасөз қызметінің мәліметінше, олар әлеуметтік желі арқылы хайуанаттар бағының директоры Вячеслав Банщиковқа қатысты әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз пікірлер жазған.

"Аталған мәліметтер жалған әрі қорлау болып табылады. Ұжым, достар мен туыстар алдында және жалпы қоғам алдында менің ар-намысым мен қадір-қасиетімді кемітеді. Сонымен қатар, қоғамдағы қызметіме теріс баға береді", - деп жазады Вячеслав Банщиков талап арызында.

Алматы мәдениет басқару "Алматы зоологиялық паркі" КМҚК басшысы сотты әлеуметтік желілерде зооқорғаушылардың атынан жарияланған мәліметтерді жалған және жала жабу деп тануды сұрайды.

Сондай-ақ, хайуанаттар паркінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруға және мекеменің іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін өтемақы төлеуге міндеттелгенін талап етеді.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі атылған мысық туралы ақпаратты жоққа шығарып, шын мәнінде оны көшеде кезіп жүрген жабайы мысықтың тұншықтырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық хайуанаттар паркінде жабайы аңдардың бірқатар өлімі орын алды. Осы үшін зообақтың екі қызметкері жауапқа тартылды.

Атап өтілгендей, хайуанаттар бағындағы көптеген жануарларға қауіп төніп тұр. Себебі, олардың өмірі соңына таяуда. Сондықтан, ешқайсысы өлімнен сақтандырылмаған.

Бұдан бөлек, хайуанаттар бағының директоры Вячеслав Банщиков мысыққа қатысты оқиғаның тергеу нәтижелерімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel