RU
Алматыда екі бірдей көлік жүріп келе жатқан пойыздың астында қалып қойды (фото)

Алматыда екі бірдей көлік жүріп келе жатқан пойыздың астында қалып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда екі бірдей көлік жүріп келе жатқан пойыздың астына түсіп қалды. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Жол апатының алғашқысы Бекмаханов көшесінің бойында орын алған.

Lada Priora көлігі Бекмаханов көшесімен шығыс бағытқа бет алып, жол кептелісінде тұрып қалады. Осылайша, көлік темір жолдан өте бергенде, пойыз астында қалған.

Оқиға орнында Lada жүргізушісі зардап шеккен екен. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілген.

Тағы бір жол апаты "Жұлдыз" шағын ауданындағы Лавренев көшесінде орын алған.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Volkswagen Polo Лавренев көшесімен солтүстік бағытқа жүріп, жүргізуші кенет қарсы бетке шығып, қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes E көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Күшті соққыдан Mercedes қарсы бетке шығып, аллеядан асып, пойыз жүріп келе жатқан темір жол үстінде бір-ақ тоқтаған.

Апаттан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеу жұмыстарын қолға алып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel