RU
Біртанов қамауға алынған балалар дәрігері үшін шенеуніктерге шүйлікті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Біртанов қамауға алынған балалар дәрігері үшін шенеуніктерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның коллегиясында науқастардың бірімен жанжалдан кейін бір тәулікке темір торға тоғытылған танымал ақтаулық хирургке қатысты пікір білдірді. Ол білікті дәрігердің оқиғасы жайлы ойымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Елжан Біртанов. Фото: mz.gov.kz

Елжан Біртанов. Фото: mz.gov.kz

"Міне, біздің әріптесімізге қатысты мәселе бойынша айтатын болсақ. Мен денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғада кейбір тұстар бойынша жұмысты соңына дейін жеткізбеді деп ойлаймын. Істің сотқа келіп, қоғамдық резонансқа ұласқанын күткендей. Облыстарында кәсіподақтар бар ма? Олар клиникалардың басшылығымен, денсаулық сақтау басқармаларымен және әкімдікпен өте тығыз жұмыс істеу кеерк.
Мұндай жағдайларды қалай болғанда да, тату жолмен шешу керек. Ал қазір бұл мәселе ел арасында қызу талқыланып жатыр. Бүкіл ел, барша медицина қызметкерлері шүйлігіп жатыр. Біздің бас педиатрия институтымыздың қызметкерлері өз наразылығын айтып та жатыр. Себебі, олар бұл тұста қорғау мен дұрыс қабылданған шешімді көріп тұрған жоқ" , - деді Біртанов Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкіліне.

Оның сөзінше, бұл мәселеден кадр проблемалары туындайды.

«Түлектерді ауылдарға тіркеу жөніндегі қызу жұмыс пен барлығы да қазір сұрақ астында қалды. Себебі, толықтай демотивация жүріп жатыр. Сол үшін мұндай заттарды анағұрлым ертерек қолға алу керек.
Сот шешкенше күтіп отырмыз. Кәсіподақтың оқиғаға қатысты пікір білдіруін естімедік. Меніңше, кәсіподақ дегеніміз қорғаушы жалдау, осы мәселелерге сүйеу болу мен адамды жалғыз қалдырмау үшін көпшілік үміттене қаржы құятын жер" , - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Біртанов өзінің Facebook парақшасында ақтаулық дәрігердің қамауға алынғанын әділетсіз санаған.

Еске сала кетейік, танымал ақтаулық хирург науқастарының бірімен жанжалдасып, темір тордан бір-ақ шықты.

Оны бір тәулік бойы темір торға тоғыту үкімін шығарған судья өз шешімін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel