Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ауыл әкімі жанып жатқан үйден 11 жастағы қызды аман алып шықты (фото)

Опубликовано:

ШҚО-ның Глубокое ауданы, Малоубинка ауылының әкімі 11 жастағы қызды қызыл жалыннан аман алып шықты деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ШҚО ТЖК
Фото: ШҚО ТЖК: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, оқиға түн ортасында орын алған. Көрші үйдің өртеніп жатқанын көрген ауыл әкімі Сергей Сомов ауладан үй иесін көреді. Қария үйдің кіреберісі жанып жатқандықтан, іштегі жеткіншекті құтқару мүмкін болмай жатқанын айтқан.

Фото: ШҚО ТЖК
Фото: ШҚО ТЖК: Depositphotos

Сол сәтте әкім еш қорықпастан үй терезесін қағып, ішке кіріп, жерде ес-түссіз жатқан қызды тысқа алып шыққан. Ал әкімнің жұбайы болса қыз балаға жасанды жолмен деп беріп, есін жиғызған.

Фото: ШҚО ТЖК
Фото: ШҚО ТЖК: Depositphotos
"Сергей Сомов қызды қою түтін арасынан тапқан. Өрт үйдің 70 шаршы метрін шарпыған. Зардап шеккендер Өскеменге жеткізілді. Жасөспірім бастапқыда жан сақтау бөлімінде жатты. Әжесі уланып, денесінің 30 пайызын күйік шалған. Бүгінде екеуінің де жағдайы тұрақты", - дейді басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807928-sko-da-auyl-kimi-zanyp-zatkan-jden-11-zastagy-kyzdy-aman-alyp-sykty-foto/

pixel