Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда су перісі секілді бала өмірге келген

Опубликовано:

Уттар-Прадеш штатының үнділік Лакхимпур-Кхери аумағында сиреномелия (су перісі синдромы) дерті бар бала дүниеге келді. Бұл туралы The Times of India хабарлайды деп жазады Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

Басылымның хабарлауынша, жергілікті ауруханада босану қалыпты өткен, бірақ сәбидің аяқтары қосылып туған.

Жаңа туған нәрестенің жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны басқа ауруханаға жеткізбек болған, алайда үлгермей қалған.

Мамандардың сөзінше, бала өте әлсіз болып өмірге келгендіктен, бір сағаттың ішінде шетінеп кеткен. Тіпті, дәрігерлер баланың жынысын анықтап үлгермеген екен.

Су перісі синдромы 100 мың жаңа туған нәрестенің біреуінде кездеседі. Бұл ауытқу - ішкі органдар дұрыс дамымағандықтан сәбидің өлімімен аяқталып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1807929-ndistanda-su-perisi-sekildi-bala-mirge-kelgen/

pixel