RU
Саят Медеуов: Етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім

Саят Медеуов: Етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Саят Медеуов әндері мен клиптерін жарнамалауды сұрайтын отандық әртістерден оның ішінде жастарға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті әншілер, соның ішінде кейінгі жастар! Әндеріңіз бен бейнебаяндарыңызды инстаға жарнамалап берші деп өтініш жасарда сәл ойланыңыздаршы.
Сөзінен сән қашқан, өзге ұлттың сөзін олжа көріп шатасқан әнсымақ пен етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім.
Онсызда танымал мен талантты ажырата алмай жүрген ағайынның санасын уламайықшы. Мені тыңдайтын азғантай ғана тыңдарманымның талғамына сай дүние ұсынғым келеді", - дейді әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
5
31
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel