RU
Дәретхана арқылы Кореяға өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Дәретхана арқылы Кореяға өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Сеулдегі Инчхон халықаралық әуежайында дәретхананың төбесі арқылы елге кіруге тырысқан үш адам ұсталды. Ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматы да бар деп хабарлайды Российская газета-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, әуежайдың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері 34 жастағы ресейлікті, 26 жастағы өзбекстандықты және 25 жастағы қазақстандықты ұстаған.

Ұсталғандар ел аумағына кіруге әрекеттенген, алайда оларға рұқсат берілмеген.

Корейлік шенеуніктердің мәліметіне сәйкес, үш азамат Кореяға турист ретінде кірмек болыпты. Кейін олар мемлекетте заңсыз жұмыс істеу үшін қалып қоймақ болған.

Алайда елге кіруге рұқсат ала алмағандықтан, оларды отанына жер аудару туралы шешім қабылданған.

Ұсталғандар Инчхон халықаралық әуежайының екінші терминалы кешеніндегі отанына қайтарылғандар үшін қарастырылған арнайы бөлмеге жіберілді.

Ол жерде ұсталғандар бір-бірімен танысып, әуежайдан қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кіруді ұйғарады.

Олар дәретханаға кіріп, шатырды бұзып, желдеткіш пен техникалық өткелдер арқылы әуежайдың екінші қанатына қарай жүрген.

Ал күзетшілер олардың қашып кеткенін біліп, іздеуді ұйымдастырған.

Үшеуін де әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері ұстап алған. Себебі шетелдіктерге арналған ақпараттық бұрышта кенеттен пайда болғандар олардың күдігін тудырған.

Қашып кеткендер әуежайдың қарма-қарсы қанатына дейін бара алған және сол жерде қолға түскен.

Нәтижесінде олар Иммиграциялық қызмет қызметкерлеріне табысталып, отанына жер аударылғандарға арналған изоляторға қайта апарылған.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel