Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар Алматыдағы сауда орнында ашық декольтесімен көзге түсті

Опубликовано:

Отандық актриса Әсел Асқар Алматыдағы сауда орындарының бірінде ашық декольтемен фотосессия жасаған. Кеудесі көрінген Бүркіттің қарындасын көпшілік қызу талқыға салуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Әсел Асқар. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Видеодан қызыл көйлекті актрисаның қарбыз жеп, кеудесінде ұзын декольтесі бар костюммен ет өнімдерін сатқанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетінің тым ерсі көрінетінін жарыса жазған.

"Бұрын мұндай емес едіңіз", "Тым ерсі көрінеді", "Өзіңізді бұлай ұстамаңызшы", "Базарда тек ересектер сауда жасайды", "Өте әдемі қызсыз. Мүсініңіз де, стиліңіз де әдемі. Бірақ базарда осылай жүргеніңіз дұрыс емес".
"Бұрын өлең оқығаныңызда ұнайтын едіңіз. Ал қазір күннен-күнге өзіңізді ерсі ұстайсыз", "Не істерін білмей жүрген адамның тірлігі ғой", "Уақыт өткен сайын әрекетіңіз ұятсыз болып бара жатыр" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Асқар осыдан біраз уақыт бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807971-sel-askar-almatydagy-sauda-ornynda-asyk-dekoltesimen-kzge-tsti/

pixel