Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында ҰҚК мен ІІМ ауқымды арнайы операциясы өтуде

Опубликовано:

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК: Facebook

Арнайы операцияның мақсаты - бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу.

Ведомство бұл топтар қаруланған, ұйымшылдығы және дөрекілігімен ерекшеленетінін атап өтті.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ  күштері мен құралдары тартылған.

"Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз", - деді Бас прокуратура.

Ведомство жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында екенін де айта кетті.

Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807974-magystau-oblysynda-kk-men-iim-aukymdy-arnajy-operaciasy-tude/

pixel