RU
Қарағандыда белгілі кәсіпкер сотталды

Қарағандыда белгілі кәсіпкер сотталды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда белгілі кәсіпкер Талғат Ақуов аса ірі алаяқтық әрекеті үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Қарағанды облысы полиция департаменті тергеушісінің дерегінше, тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының бұрынғы басшысы Талғат Ақуов Алматы және Қарағанды облыстарында бірнеше қаржылық қылмыстар жасаған.

Қарағандылық эпизод бойынша зардап шеккен 74 тұлға. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Талғат Ақуов азаматтардан қарызға ақша алып, оны пайызбен қайтаруға уәде еткен көрінеді. Алайда тұрғындар оны күтпеген.

Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошева айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-тармағы бойынша (алаяқтық) кінәлі деп тапқан.

Соттың баспасөз хатшысы, аудандық соттың судьясы Саян Аққожин пікірінше сотталушының кінәсі дәлелденген.

"Ақуов Талғат Жәудұлы ҚК 190-бабы, 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру шарасы бекітілді.
Сондай-ақ, сот Алматы қаласының аудандық сотының үкімін ескерді, сондықтан жеңіл жазаны қатаңдата отырып, оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды", - деді Саян Аққожин.

Ақуов жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі колонияда өтейтін болады.

Еске салсақ, тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының бұрынғы басшысы Талғат Ақуов алаяқтық әрекеті үшін Алматыда 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оны ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті бойынша айыпты деп таныды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel