RU
Бір ауруханада жұмыс істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанған (фото)

Бір ауруханада жұмыс істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанған (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Миссури штатындағы балалар медициналық орталығында жұмыс істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанды. Медициналық орталықтың бұдан бөлек 16 қызметкерінің аяғы ауыр деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Медбикелердің бірі Джулия Лэнг жаңа жыл қарсаңында аяғы ауыр қызметкерлердің көбейіп кеткені белгілі болғанын айтты.

"Бізде жүкті медбикелер әрқашан табылады, бірақ бұл жолы... біз кішкене көппіз", - деді ол.

Медбикенің сөзінше, қазіргі уақытта осы жағдай әзілге айналып кеткен.

Тіпті бөлімнің кішкентай пациенттерінің ата-аналары да "мұнда жұмыс істеу үшін міндетті түрде жүкті болу керек пе?" деп қалжыңдасатын көрінеді.

Аурухана басшылығы жүкті қызметкердің барлығын жинап, суретке түсірген.

Facebook желісіндегі Children's Mercy парақшасында жарияланған фотоға желі қолданушылары пікір қалдырып, медбикелердің аман-есен босануын тіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel