RU
Дана Нұржігіт тальгода әйел зорлағандарға екі жыл аз мерзім екенін ашып айтты

Дана Нұржігіт тальгода әйел зорлағандарға екі жыл аз мерзім екенін ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт "Тұлпар-Тальго" пойызында әйел зорлаған жолсеріктерге кесілген үкіммен келіспейтінін мәлім етті. Журналистің пікірінше, сотталушылар үшін бұл тым аз мерзім деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт өзінің бұл пікірін Instagram парақшасында жариялаған.

"Іссапардан келе жатып, поезд купесінде зорланған әйел туралы ойласам, төбе шашым тік тұрады! Мен жолда көп жүремін...Көзге елестетудің өзі ауыр!
Тәнің зорланғаны-бір, жаның зорланды, намысың тапталды ғой! Мұндай қылмыс үшін екі жарым жыл түрме деген аз! Аз", - деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі тележүргізушімен келісетіндіктерін жеткізген.

Олар "Әрине өте аз", "Қылмыскерлерді қатаң жазалау керек", "Қыздарға сақ жүру керек", "Тым аз мерзім" деген пікілерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
9
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel