Выйти
RU

Луина өзінен 7 жас кіші жігіті сыйлаған жүзігін көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес әлемінің тағы бір сұлуы жақында отбасын құрмақ. Екі ай бұрын 32 жасқа толған туған күнін атап өткен Луина өзінен 7 жас кіші сүйіктісі сыйлаған жүзікті көрсетіп, желіде жантебірентерлік жазба жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен сені бақытты етемін, сүйіктім", - деген жазба қалдырды әнші.

Әншіні Instagram парақшасында көпшілік жарыса құттықтап, жаңалықты қуана қабыл алғандарын айтуда.

"Құттықтаймыз", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Сіздерді тағдыр өзі жолықтырған. Бір-біріңізді бағалай біліңіздер", "Бақытты болыңыздар", "Сіз тұрмысқа шыққыңыз келетінін өте көп айтып жүр едіңіз. Жігітіңіз әйтеуір түсініпті ғой".
"Осы хабарды күтіп жүр едік қой", "Қуаныштымыз", "Жарасымды жұпсыздар", "Бақыттарыңыз баянды болсын", "Жігітіңіз жарады. Құтты болсын" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 32 жасқа толған Луина туған күнінде ғашығының сақина сыйлағанын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Луина өзінен 7 жас кіші жігіті сыйлаған жүзігін көрсетті