Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бағамы бұрын-соңды болмаған тарихи көрсеткішке жетті

Опубликовано:

Дүйсенбі, 29 шілде күні доллар бағамы ұлттық валютаға шаққанда рекордттық көрсеткішке жетті. Қазақстандық қор биржасы (KASE) сауда қорытындысы бойынша оның бағамы бүгін 385,1 теңгені құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Жұма күнгі бағаммен салыстырғанда доллар құны 18 тиынға қымбаттап, өзінің тарихи көрсеткішіне жеткен.

Айта кетерлігі бұған дейін долларға шаққандағы теңге бағамының 385 теңгеден асқаны бұрын-соңды тіркелмеген еді.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны сатудың максималды бағасы 387 теңгеге жеткен.

Скриншот: kurs.kz
Скриншот: kurs.kz: UGC

Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасының максимальды сатылу құны 386 теңгеге теңескен.

Скриншот: kurs.kz
Скриншот: kurs.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808017-dollar-bagamy-bryn-sody-bolmagan-tarihi-krsetkiske-zetti/

pixel