RU
Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" еліміздің намысын қорғайды

Ержан Максим "Балалар Евровидениесінде" еліміздің намысын қорғайды

Рассказать Вконтакте

Белгілі жас әнші Ержан Максим 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтетін "Junior Eurovision 2019" байқауына Қазақстан атынан қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Қазақ баласы "Junior Eurovision 2019" халықаралық ән байқауына қатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді.
"Хабар" Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағындағы мүшелігінің нәтежиесінде, Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек.
Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді", - деп хабардар етті ол.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel