Выйти
RU

Маңғыстау облысындағы арнайы операция кезінде төрт қылмыстық топ құрықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесе өткізген ауқымды операция нәтижесінде төрт бірдей қылмыстық топтың жолы кесілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Теларнаның мәліметінше, полицияның нысанасына түскен төрт қылмыстық топ адам өлтіру мақсатымен ұрлау, атыс қару-жарақтары мен есірткіні сақтау, біреуді бопсалау бойынша күдікке ілінген.

Оның 20-дан астамы тергеу орындарына жеткізілсе, 16 қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, есірткі мен үлкен көлемдегі қылмыстық атыс қарулары тәркіленген.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетсек, 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып заңға қарсы әрекеттердің жолын кесу үшін Маңғыстау облысында ауқымды арнайы операцияны жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау облысындағы арнайы операция кезінде төрт қылмыстық топ құрықталды