Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында белгісіз індеттен түйе қырылып жатыр

Опубликовано:

Атырау облысының Жылыой ауданында түйе төлі жаппай қырылуда. Аймақта шілденің басынан бері 25-ке жуық үй жануары арам қатқан деп хабарлайды Астана арнасы.

Видеодан кадр/Астана телеарнасы
Видеодан кадр/Астана телеарнасы: Facebook

Мамандардың сөзінше, түйелерден ешқандай ауру белгісін байқалмаған, кешкісін жайылымнан келген мал таңертең өліп қалған.

Алғашқы мал өлімі Ақкиізтоғай ауылында тіркеліпті.

Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта ол аумақтағы жағдай тұрақталғанымен, Құлсары қаласы маңындағы Жадырасын жайлауында да мал өлімі болған.

Қазір мамандар қандай да бір шешім шығару үшін сараптама қорытындысын күтуде. Алайда жұқпалы ауру тарауы мүмкін емес деп болжап отыр.

Атырау облысы, Жылыой аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбеттің айтуынша, алдын ала диагноз шөптен улану немесе немесе бір нәрсе шағып жатыр ма деген болжамда бар.

Сондықтан мамандар кенелерге қарсы жұмыстарды жүргізуде екен.

Автор: Б. Нәдірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808128-atyrau-oblysynda-belgisiz-indetten-tje-kyrylyp-zatyr/

pixel