Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша 14 адам қызметінен қуылды

Опубликовано:

Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша колония басшысылары жұмыстан кетті деп хабарлайды Астана арнасы.

Видеодан кадр/Астана телеарнасы
Видеодан кадр/Астана телеарнасы: Facebook

Айта кетейік, осыған дейін желіде түрме қызметкерлері сотталушыларды азаптап жатқанын түсірілген видео тарады.

Онда әскери форма киген қызметкерлер бір адамды іліп қойып, бірінің ер адамның басынан теуіп жатқаны байқалады.

Телеарнаның мәліметінше, осыған байланысты ішкі істер министрлігі жедел түрде арнайы комиссия құрып, Заречный ауылында орналасқан ЛА 155-те 2 мекемесін тексерген.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ресми өкіл Нұрділдә Ораз тәртіптік комиссия нәтижесі бойынша 14 адам түрлі жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Оның ішінде 7-і екі осы мекеменің орынбасарлары, бастығының орынбасарлары қызметтен қуылды және осы мекеменің бастығы яғни 155/8 соттау мекемесінің бастығы орнынан босады. Сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесі Алматы қалалық департаменті басшысына қатаң яғни тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

 Автор: Н.Біләл

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808135-almaty-oblysynda-sottalusylardy-azaptau-isi-bojynsa-14-adam-kyzmetinen-kuyldy/

pixel