Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында браконьерлер Маралды көлінің инвесторын соққыға жыққан

Опубликовано:

Павлодар обылысы Шербақты ауданы тұрғындарының кездесуі кезінде браконьерлер Маралды көлінің инвесторын соққыға жыққаны анықталды деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: altaynews.kz
Көрнекі фото: altaynews.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, кездесуге прокурор мен аудан әкімі де қатысқан.

Оқиға 27 шілде күні Мәдениет үйінің маңайында болған. Содан кейін 40 жастағы инвестор өзіне бірнеше адамның шабуылдағанын айтып, полицияға арыз жазған. Олардың бірі - 34 жастағы Жылы-Бұлақ ауылының тұрғыны болып шаққан, ал қалғандарын инвестор танымайды екен.

"Құрылысбиоресурс" ЖШС директоры Артур Данояның сөзінше, жергілікті жұрт көлдің жағасында браконьерлікпен айналысып, артемия цистасын заңсыз аулап, кейін түсімді алып сатарлаға сатады.

Мұндай іс-әрекеттерге тыйым салынғанын айқан инвесторға жергілікті жұрт жабылған.

"Жағымсыз естілсе де, құрылтайшыға жергілікті халық поркуратура мен әкімдік өкілдерінің көзінше шабуылдады", - деп атап өтті Даноян.

Тәртіп сақшылары "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған. Аталмыш фактіге қатысты екі күдікті ұсталды.

Бұдан бөлек, ЖШС күзетшісіне де "Ниссан-Патрол" автокөлігімен үлкен жылдамдықта жүргені үшін іс қозғалды. Хабарламада айтылғандай, ер адам ауыл тұрғындарын басып кете жаздаған.

2016 жылдан бері курорттың дамуына үлес қосып жүрген инвесторлардың сөзінше, соңғы бірнеше жылда Маралды демалыс орнынының жандануына қомақты қаражат салынып жатыр.

Тек биылғы жылы инвестор 150 мың теңге құйып, жаңа сахнаны орнатып, пирсті кеңейткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1808142-pavlodar-oblysynda-brakonerler-maraldy-klini-investoryn-sokkyga-zykkan/

pixel