RU

Димаш Игорь Крутойдың туған күнінде ата-анасымен түскен суретін жариялады (фото)

Биыл 65 жасқа толған Игорь Крутой мерейтойын Түркия елінде атап өткен. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген танымал композитордың туған күнінде ата-анасымен көзге түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген ресейлік композиторға деген ақ тілегін Instagram парақшасында жариялады. Сондай-ақ әнші туған күн кешінде ата-анасымен түскен суреттерін де желіде жариялаған.

"Түркияда танымал композитордің туған күнін тойлаудамыз. Халықтың ең сүйікті әндерінің авторы бүгін 65 жасқа толды. Туған күніңізбен, маэстро", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, мерейтойға жиналған қонақтардың барлығы ақ түсті киінген.

Игорь Крутойдың Instagram парақшасына жариялаған видеодан туған күн кешіне Иманғали Тасмағамбетовтің де келгенін көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1808156-dimas-igor-krutojdy-tugan-kninde-ata-anasymen-tsken-suretin-zarialady-foto.html