RU

Ертең елімізде теле және радио жұмысы уақытша тоқтатылады

пульт от телевизора
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ертең, 31 шілдеде Қазақстанда теле және радиохабар тарату жұмыстары тоқтатылады деп хабарлайды "Қазтелерадио".

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы хабарлағандай ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 03:00-ден 17: 00-ге дейін жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жоспарланған.

Сондай-ақ эфирлік цифрлық, аналогтық телехабар тарату және радиохабар тарату желілеріндегі жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізіледі.

Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында телевизия мен радио өз жұмысын уақытша тоқтатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1808159-elimizde-erte-televizia-men-radio-zmysy-uakytsa-toktatylady.html