RU
Порошенко отбасымен Украинадан ұшып кетті

Порошенко отбасымен Украинадан ұшып кетті

Рассказать Вконтакте

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко мен оның отбасы екі ұшақпен Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияға ұшып шыққан деп хабарлайды strana.ua-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: news.rambler.ru

Фото: news.rambler.ru

Осылайша 28 шілде күні Киев – Стамбұл рейсімен Жуляны әуежайынан Петр Порошенко, Алексей Порошенко, Юлия Порошенко (Алексейдің жұбайы) және Елизавета Порошенко (бұрынғы президенттің немересі) ұшып кеткен.

Ұшақ Киевтен 18:47-де шығып, 20:22-де Стамбұлда болған. Сосын көп ұзамай 21:17-де Стамбұлдан БАӘ-не аттанып, ол жақта Киев уақытымен 00:54-те қонған. Одан кейін ұшақтың қайда кеткені белгісіз.

Украинаның бұрынғы президенті жанұясының өзге мүшелері: Марина Порошенко, Евгения Порошенко (қызы), Михаил Порошенко (ұлы) және Александра Порошенко (қызы) - 23 шілде күні Киев – Мюнхен рейсімен Германияға шыққан болатын.

Айта кетейік Порошенкодан жауап алу үшін, Украинаның Мемлекеттік тергеу бюросы оны 12 тамызға шақырған еді.

Десе де, бұрынғы президент отбасымен бірге Мальдив аралдарына да баруы ғажап емес. 2018 жылы сол аралға отбасымен барған Порошенко шулы оқиғаға іліккен еді.

Журналистердің хабарлауынша, ол сол сапары үшін Украина экс-президенті жарты миллион АҚШ доллары көлемінде шығынға батқан.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
3
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel