Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың жанындағы ашық-шашық киінген қыздар жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіге Игорь Крутойдың туған күнінен видео жариялаған Димаш Құдайберген көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларына қазақстандық әншінің жанында жүрген бойжеткендердің киіну стилі ұнамай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының мәліметінше, Димаштың жанынан бой көрсеткен ару Игорь Крутойдың үлкен қызы Виктория екен.

Алайда әншінің тыңдармандары түрлі пікір қалдырып, әнші үшін алаңдаушылық танытқан.

"Мынаның барлығы Димашты бұзады", "Жаныңыздағы сұлулар кімдер?", "Демалыста жүрсеңіз де шаршаңқы көрінесіз", "Игорь Крутойдың үлкен қызы ма?", "Димаш үшін алаңдамаңыздар. Ол өз-өзін ұстай алады".
"Айналаң толған сұлу қыздар. Өз бақытыңды адаспай тапсаң болар еді", "Жаныңдағы қыз әдемі болғанымен, кеудесі ашық екен" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік композитор Игорь Крутой 29 шілде күні 65 жасқа толған мерейтойын Түркия елінде атап өтті. Маэстро туған күнінде Димаш пен ата-анасы да қадірлі қонақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808172-dimasty-zanyndagy-asyk-sasyk-kiingen-kyzdar-zrtty-kyzu-talkysyna-tsti-video/

pixel