RU
Тұрғымбаев орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты мән-жайды баяндады

Тұрғымбаев орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты мән-жайды баяндады

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында бұрынғы ІІМ вице-министрі Махамбет Абисатовтың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ.

Фото otyrar.kz

Фото otyrar.kz

"Ол өзі жұмыстан кетуге өтініш білдірді. Біз оның өтінішін қанағаттандыруға келісім бердік. Иә ол бұл туралы бейресми видеода айтты. Дегенмен, мемлекеттік қызметкердің этикасы бұзылды. Біз оған қатысты ешқандай шешім шығармадық", - деді Тұрғымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында желіде Ақтөбе обылысы ПД-де өткен келіссөз кезінде сол уақыттағы өңірлік полиция басшысы Абисатовтың қоластындағыларға әдепсіз, дөрекі түрде қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндірген аудио жазбасы пайда болды.

Біраз уақыт өткеннен кейін Абисатов жанжал тудырған жазба үшін кешірім сұрады.

"YouTube-те тараған аудиороликтерге қатысты. Бұл расымен де менің сөздерім. Мен оны көпшілік алдында өткен келіссөз кезінде емес, үш-төрт адамнан тұратын әңгіме кезінде 2017 жылы айтқан болатынмын.
Аудиожазбаны жасап, әлеуметтік желілерге таратып жіберген адамдар оны көпшілікке жария еткен. Әр адам қателесуі мүмкін. Мұндай жағдай кез келген адамның басына келе алады", - деп мәлімдеді Абисатов.
Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel