RU
31 шілде күні Алматыда "Орталық Азия таланттарды іздейді" жобасына іріктеу өтеді
Жаңалықтар Калейдоскоп

31 шілде күні Алматыда "Орталық Азия таланттарды іздейді" жобасына іріктеу өтеді

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 31 шілдесі күні Алматы қаласы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында Central Asia’s Got Talent («Орталық Азия таланттарды іздейді») жобасына қатысушыларға іріктеу өтеді.

31 шілде күні Алматы қаласында іріктеу өтеді

Бұл Орталық Азияның (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) кез келген тұрғынына жасы мен талантының қандай болғанына қарамастан, өзінің ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей жоба. Шоудың жеңімпазы атақ-даңқпен қатар 10 миллион теңгеге ие болады.

Got Talent – Fremantle британдық компаниясының форматы. Авторы Саймон Коуэлл. 2006 жылдың маусым айында телебайқау «America’s Got Talent» деген атпен Америкада жарыққа шықты. Осы уақытқа дейін лицензия арқылы формат әлемнің 70 елінде жүзеге асырылған. 2014 жылдың сәуір айында Got Talent әлемдегі ең сәтті телевизиялық формат ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Дәл сол кезде телебайқаудың франшизасы әлемнің 58 елінде көрсетілген.

Central Asia’s Got Talent – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің азаматтарына арналған таланттар шоуы. Жоба 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және Гранд финал. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданып, әрі қарай төрт елде іріктеу кезеңі өткізіледі. Жобаның Бас жеңімпазынан бөлек, төрт елден жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлыққа ие болады. Central Asia’s Got Talent шоуы төрт елде «Хабар», «Zoʻr TV», «КТРК» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі.

Central Asia’s Got Talent жобасы 2019 жылдың қыркүйек айында 4 мемлекетте бірдей уақытта эфирге шығады. Шоудың Гранд финалы желтоқсан айына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтармен www.centralasiagottalent.com ресми парақшасы мен «Хабар» агенттігінің www.khabar.kz сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілерде таныса аласыздар (@CentralAsiaGotTalent):

facebook.com/CentralAsiaGotTalent/

vk.com/centralasiagottalent/

instagram.com/centralasiagottalent/

*PR құқығында

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel