RU
Баласының еміне 290 мың теңге жетпей тұрған ана жанайқайын жеткізді

Баласының еміне 290 мың теңге жетпей тұрған ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Оралдық төрт жасар Қайрат Нұрбергеннің дерті ауыр және ол тұрақты түрде шетелде емдетуді қажет етеді деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Мой город" порталынан алынды

Фото: "Мой город" порталынан алынды

Қайраттың диагнозы - ішкі гидроцефалия, психомоторлық дамудың кідірісі, сөйлеудің кешеуілдеуі. Баланың анасы Нұрсұлу Бекқарнаеваның айтуынша, мұндай ауыр диагноз балаға туған кезде-ақ қойылған.

"Мен баламның диагнозы қиын екенін білемін. Бізге оңай болмайтынын да білемін. Бірақ мен ауруды жеңіп, барлық сынақтардан өте аламыз деп сенемін. Төрт жыл ішінде Қайрат сөйлемейді, басының көлемі үлкеюде. Оны қайталана беретін ауырулары қинайды. Ана ретінде, мен үшін ұлымның дәрменсіз күйін көру өте қиын. Сондықтан, баламның сау болашағы үшін қалай болса да ұлыма көмектесемін, ең болмаса кішкентай мүмкіндік табамын деп өзіме сөз берді", - дейді Нұрсұлу Бекқарнаева.

Әйел адамның сөзінше, "Реацентр Оренбургский" емдеу мекемесінің дәрігерлері баланың сауығуына мүмкіндік барын айтқан. Бүгінге дейін медициналық орталыққа олар өздерінің және туыстары мен достарының жинаған қаражаттарына барып келген.

"Бірінші емдеу курсында бізге микротоқты рефлексті терапия тағайындалды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл қазіргі кездегі ең тиімді емнің бірі. Ол жерден біз 12 шілдеде келдік. Екінші курсты алу үшін 12 тамызда клиникада болуымыз керек.
Жалпы, біз 47 мың рубль немесе 290 мың теңге жинауымыз керек. Біздің отбасымыз үшін бұл өте үлкен қаржы. Мен бей-жай қарамайтын адамдардан осы қайғыны жеңуге көмектесуін сұраймын. Әлем жақсы адамдарсыз болмайтынын білемін, және сіздің жақсылығыңыз міндетті түрде сізге қайтарылады. Қиын сәтте бізге қолдау көрсетсеңіздер екен", - дейді бүлдіршіннің анасы.

Қайрат Нұрберген 28-шілде күні төрт жасқа толды. Оған көмек қолын созам дейтін жандар үшін:

Kaspi GОLD 5169 4931 4207 7034 ИИН 840409400282

Сбербанк 4578 3200 0283 4758

Нұрсулу Бекқарнаеваның телефон нөмірі: +7 777 176 02 48

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
7
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel