RU
"Екі еркекпен жатқан": Қызын жеңіл жүріске салған әйел жұрттың жағасын ұстатты

"Екі еркекпен жатқан": Қызын жеңіл жүріске салған әйел жұрттың жағасын ұстатты

Рассказать Вконтакте

Алты баласымен ауылда күн көре алмай, қалаға көшіп келген келіншек үлкен қызын жеңіл жүріске салған. Үйінен ер адамдарға сексуалды қызмет көрсететін көп балалы әйелдің әрекеті көршілерін шошытқан деп жазады "Замана" басылымы.

Фото: spb.kp.ru

Фото: spb.kp.ru

Кейіпкердің мәліметінше, күйеуі қайтыс болған әйелдің оқиғасы 1990 жылдары орын алған.

"Сонау 1990 жылдардағы қиыншылық кезінде күйеуімнің үйінің жанына ауылдан алты балалы бір әйел көшіп келіпті. Ол әйел күйеуінің қайтыс болғанын, өзі ауылда күн көре алмай қиналғасын қалаға келгенін айтыпты. Балаларының үлкені 14-15 жастар шамасындағы қыз, одан кейін бес ұл болған", - дейді кейіпкер.

Көп ұзамай әлгі әйелдің үйіне бөтен еркектер жиі келе бастаған.

"Алғашында "Бұлар кімдер?" деген көршілеріне әйел "ағам, қайынағам, қайным" деп құтылады екен. Бірақ бұл әйелдің еркек туыстары таусылмай кеткесін көрші-қолаң жиылып, "бұл жер жын-ойнақ жасайтын жер емес, балаларымыз көріп бұзылады" дегенді айту үшін үйлеріне барған.
Бір топ адам тапа-тал түсте аядай бөлмеде әйелдің қызы екеуі екі еркекпен жатқанын көреді. Мынадай сұмдықты өз көздерімен көріп шошын­ған тұрғындар милиция шақырып, соңы үлкен дауға ұласыпты", - дейді баяндаушы.

Ал ұрлығы әшкере болған әйел алты баласын асырау үшін осындай әрекетке барғанын мойындаған.

"Сонда мен қайтіп күн көруім керек? Алты баланы қайтіп асыра дейсіңдер маған?" деп жылапты. "Қызыңда нең бар?" дегендерге, "Маған қарағанда оған көп төлейді" деп жауап берген", - деді кейіпкер.

Айта кетейік, осы оқиғаға куә болған әйелдің күйеуі содан кейін қыз-келіншекке сенуден қалған. Тіпті өзінің әйелі мен қыздарын да қия бастырмай, ізінен аңдып, тексеріп отыруды әдетке айналдырыпты.

Сіздің реакцияңыз
14
6
7
5
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel