Выйти
RU

"Масқара әрекет": Тұрғымбаев тұтқындарды жәбірлеуге қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев Алматы облысында орналасқан ЛА 155/8 колониясындағы тұтқындарға қатысты зорлық-зомбылық фактісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Министрдің айтуынша, мекемеде түсірілген 40 шақты бейне және аудиожазба тексерілді. Оның екеуінде сотталушыларға қатысты жәбір көрсету фактісі байқалды.

"Қалғандарында түрме қызметкерлері өз қызметін асыра пайдаланған және колония әкімшілігінің тұтқындарды ұстау режимін бұзған", - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкіметте тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Алдағы екі тәулікте сот арқылы бұлтартпау шарасы қолданылады деп ойлаймын. Бұл оқиға біздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқара әрекет болып отыр. Жақында ғана пенитенциарлық жүйемен тікелей айналысатын халықаралық сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүйе жұмысын жақсарту үшін форум өткізіп едік", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, ол мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін қандай шаралар қолданылатынын атап өтті.

"Өзге мекемелерде бұл оқиға қайталанбауы үшін ұлттық превентивті механизм ұйымымен және азаматтық қоғаммен бірлесіп, азаптау фактісі болған мекемелерге тексеру жүргіземіз", - деді Е. Тұрғымбаев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әскери адамдардың тұтқындалғандарға қатысты жәбір көрсеткені туралы видео тараған еді. Аталған бейнежазба қоғам арасында үлкен дау тудырды. Салдарынан колонияның жеті қызметкері жұмыстан шығарылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Масқара әрекет": Тұрғымбаев тұтқындарды жәбірлеуге қатысты пікір білдірді