RU
Алматы облысында екі жол апатынан алты бірдей адам қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында екі жол апатынан алты бірдей адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында осы түнде "Алматы-Өскемен" және "Қарғалы-Мыңбаев" тасжолдарында екі жантүршігерлік апат орын алды. Жол-көлік оқиғасынан 9 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pixels

Көрнекі фото: Pixels

Бірінші жол-көлік оқиғасы Көксу ауданында орын алған. Онда үш адам зардап шегіп, үшеуі қайтыс болған. Басылымның мәліметінше, Балпық би ауылы маңында "BMW 525" көлігі аударылып қалған. Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы ажал құшып, екі ересек адам мен бір бала ауруханаға түскен.

Қазіргі таңда апаттың не себепті орын алғанын құқық қорғаушылар анықтап жатыр.

Сол сияқты осы түнде тағы бір жол апаты Жамбыл ауданында болған. Ssang Yong және Audi 100 көліктері Қарғалы ауылы жанында соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болып, алты жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған, олардың арасында екі бала бар.

Сол себепті, полицейлер жол ережелерін бұзбай, алыс жолда сақ болуға шақырып отыр.

"Құрметті азаматтар, жолда сақ болыңыздар. Ол қателіктерді кешірмейді. Сіздердің сақтықтарыңыз өзіңіздің ғана емес, басқалардың да өміріне қауіп төндірмеуге кепіл бола алады", - дейді полицейлер.
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel