RU
Жазира Байырбекова байқамай сөйлеп, жұртты ренжітіп қоятынын айтты

Жазира Байырбекова байқамай сөйлеп, жұртты ренжітіп қоятынын айтты

Рассказать Вконтакте

Жазира Байырбекова өзінің тік мінезінің арқасында айналасындағыларды жиі ренжітіп алатынын мойындады. Өзгенің көңіліне тиюді ойламаса да, опық жеп жүрген әнші жан сырымен "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол кез-келген мәселеге қатысты пікірін ірікпей айта салады.

"Мен ойланбай сөйлеп, артынан қатты өкінетін кездер көп болады. Маған Жанболат "Сен ойланбай, тарс еткізе саласың" дейді. Мен ойымды жасыра алмаймын. Ойымдағыны айта саламын. Кейде адамдарды солай ренжітіп қойғанымды да байқамай қаламын.
Кейде неге ренжіп жүр деймін. Сосын сол кезде дұрыс сөйлемегенімді еске түсіремін. Мысалы ашық-шашық киінетін қыздарға сахнаның сыртында сын айтып, көңіліне тиіп қалады екенмін. Бірақ оны өзім ұмытып кетемін. Сосын күйеуін жамандап отыратын қыздарға да сын айтады екенмін. Күйеулерін қалай сыйлау керек екенін айтсам, олар маған ренжіп қалады", - деді ағынан жарылған Жазира Байырбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан аз уақыт бұрын желіде Жазира Байырбекованың қызды болғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel