Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жастағы қазақстандық шахматшы Ресейде сенсациялық жеңіске жетті

Опубликовано:

Семейлік шахматшы Арыстан Исанжулов бүкілресейлік жарыста- Рапид (жедел шахмат) кезеңінде 2019 жылғы Ресей Гран-приінің үздігі атанды деп хабарлайды ҚШФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚФШ ресми сайтынан алынды
Фото: ҚФШ ресми сайтынан алынды: Facebook

Арыстан Қазақстан Республикасының атынан қатысқан жалғыз шахматшы. Сонымен қатар, ол жарыстағы ең жас ойыншы.

"Бүкіл турнир тартысты өтті, қарсыластар өте мықты. Бірақ, маған 41-сатыдан бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік беретін негізгі жеңіске қол жеткіздім", - деді Арыстан.

Турнирге барлығы 122 шахматшы қатысқан, олардың арасында тәжірибелі гроссмейстерлер де болды. Бәрін басып озған қазақстандық шахматшы алтыннан алқа тақты.

Арыстанның қоржынында тең түскен ойындар да бар. Дегенмен ол қарсыластарын ұпай саны бойынша жеңген.

«Тәжірибелі қарсыластарды, әрі «өзге елде» жеңуді сенсация деп айтуға болады», - дейді Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

Күміс жүлде Арыстан Исанжулов тең түскен 37 жастағы Дмитрий Кокаревқа бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808264-16-zastagy-kazakstandyk-sahmatsy-resejde-sensacialyk-zeiske-zetti/

pixel