RU
Ақтауда тапа-тал түсте жыныстық қатынасқа түскен жұп жұртты шошытты

Ақтауда тапа-тал түсте жыныстық қатынасқа түскен жұп жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Ақтаудағы 26-шағын ауданда тапа-тал түсте жыныстық қатынаспен айналысқан ер адам мен әйелдің кім екені анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан алынған

Фото: Видеодан алынған

Оқиға 28-шілде күні №28 үйдің маңындағы ағаштың астында болған. Куәгерлер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған.

Мекеменің мәліметіне сәйкес, бейнеролик кейіпкерлерінің тұрақты тіркеуі жоқ.

Оларға қатысты тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырды. Іс материалдары Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі.

Құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу (12 625 теңге) немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Сіздің реакцияңыз
34
7
3
2
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel