RU
Болат Мажағұлов Президент әкімшілігіне ауысты

Болат Мажағұлов Президент әкімшілігіне ауысты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Болат Мажағұловтың Facebook парақшасынан алынды

Фото: Болат Мажағұловтың Facebook парақшасынан алынды

Бұл туралы "Жастар" театрының Facebook парақшасында белгілі болды.

"2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының Мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды.
Болат Бауыржанұлы басқармаға басшылық еткен жылдары "Жастар театры" да бірқатар жетістікке жетіп, биіктен көрінді. Театрдың құрылғалы бергі 12 жылында Халықаралық, Республикалық деңгейдегі байқаулардан 12 Гран-При жүлдесін иеленуінде де Болат Мажағұловтың өзіндік үлесі бар.
Қолынан іс келетін басшының қандай қызметті бастаса да, абыроймен атқаратынына сенім мол. "Жастар театры" ұжымы атынан Болат Бауыржанұлына жаңа қызметіне толағай табыстар тілейміз",- делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel