Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов несімен есте қалды?

Опубликовано:

Бес жылға жуық уақыт бойы Шымкенттің әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов тағы да орнын босатты. Мегаполис басшысының қызметінен кетуіне қатысты бірнеше нұсқа айтылуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: inbusiness.kz
Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: inbusiness.kz: UGC

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылдың 23 қаңтарында Қазақстанның оңтүстігінде дүниеге келген. Экономика және мемлекеттік басқару саласында екі жоғары білімі бар. Әбдірахымов "Болашақ" бағдарламасының негізінде неміс жоғары мектебін бітірген.

Ол қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Әбдірахымов бірнеше жауапкершілігі мықты басшылық қызметтерді де атқарған. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды, премьер-министр кеңсесінің басшысы, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

Алайда Әбдірахымов көпшілікке Шымкент қаласының әкімі ретінде танылды. Ол бұл қызметті алғаш рет 2015 жылдан 2017 жылға дейін басқарды. Содан кейін бұл қызметтен жеті айға кетіп, "Нұр Отан" партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Ал 2018 жылдың жазында президенттің жарлығымен Әбдірахымов Шымкент әкімі лауазымына қайта оралды.

Экс-әкім өзінің ерекше тапсырмаларымен ел жадында қалды. Атап айтар болсақ, мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салып, барлығына қоғамдық көліктерді пайдалануға кеңес берді. Сондай-ақ, өзі де автобуспен және велосипедпен жүрді.

"Велосипедпен жүруден жаның рахаттанады. Денсаулыққа пайдалы. Жанармай алудың қажеті жоқ. Көлікті тұраққа қалдырып та әуреленбейсіз. Болашақ велосипедшілердікі деп ойлаймын", - деді экс-әкім өз сөзінде.

Сондай-ақ, мегаполис басшысының түрлі жиындарда айтқан сөздері ел арасында кеңінен таралып отырды.

Шымкент әкімі жиындарда қойылған сұрақтың біріне "Зың" деп жауап берді. Сонымен қатар, экс-әкімнің "Шымкенттен көшсеңдер, жылайтын боласыңдар", "Әркім керемет өмірді қалайды" деген секілді сөздері жұрт жадында сақталып қалған.

Ал жақында шымкенттіктердің қыз алып қашуына байланысты қойылған сауалға "Кейде қыздардың өздері біреудің алып қашқанын қалайтын секілді" деп жауап берді.

Осыдан соң оның бұл сөзі желіде қызу талқыға түсіп, қыздар қауымы мегаполистің бұрынғы әкіміне жауап берген.

Ғабидолла Рахматоллаұлы үйленген. Ол әйелі Данарамен бірге үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Тағы бір айта кететіні, Әбдірахымов өткен аптада Лондоннан көпшілікке сәлем жолдады.

Видеода әкім Қазақстанда жұмыс істеп, әлемге саяхаттауға кеңес берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1808296-symkentti-kimi-bolgan-gabidolla-bdirahymov-nesimen-este-kaldy/

pixel