Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тегеранның экс-мэрі әйелін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді

Опубликовано:

Тегеранның бұрынғы мэрі және Иранның экс-вице-президенті Мохаммад Али Наджафи өз әйелін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді деп хабарлайды Mehr агенттігіне сілтеме жасаған Риа Новости.

Фото: tasnimnews.com
Фото: tasnimnews.com: Facebook

Сот өкілі хабарлағандай, Наджафи кінәлі деп танылып, жасаған қылмысынң ауырлығына байланысты исламдық "кисас" жазасына кесілген.

Мамыр айының соңында экс-мэрдің әйелі Тегеранның солтүстігіндегі элиталық аудандағы тұрғын үйде атып өлтірілген. Наджафи құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өзі беріліп, отбасылық мәселелерге байланысты әйелін өлтіргенін мойындады.

Мохаммад Али Наджафи Тегеран қаласының мэрі қызметін 2017 жылдың тамызынан 2018 жылдың сәуіріне дейін атқарған. Ол Иранның білім және ғылым министрлігін де басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808298-tegeranny-eks-meri-jelin-ltirgeni-sin-lim-zazasyna-kesildi/

pixel