RU
Көшербаев: Шымкенттің бұрынғы әкіміне деген сенім жоғалды

Көшербаев: Шымкенттің бұрынғы әкіміне деген сенім жоғалды

Рассказать Вконтакте

Президент әкімшілігі жетекшісі Қырымбек Көшербаев Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: elitar.kz, toppress.kz

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: elitar.kz, toppress.kz

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір бастысы – халық пен билік арасындағы диалог. Сіздер жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігі тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өкінішке қарай, ол соны жеткілікті түрде түсіне алмады", - деді Қырымбек Көшербаев.

Ол Түркістанды қайта жаңғырту, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанда, халық биліктің көмегіне зәру болғанда, Әбдірахымовтың әр қадамы БАҚ беттері мен желіде, ғаламторда көрініс тауып отырғанын мәлімдеді.

"Ондай әрекет мемлекет басшысы қойып отырған талаптарға сай келмейді және биліктің беделін төмендетеді. Қазір Әбдірахымовқа деген сенім жоғалды", - деді президент әкімшілігі жетекшісі.

Сонымен бірге, Көшербаев өз сөзінде халық биліктен адал қызмет етуді талап ететінін атап өтті.

"Өңірлердің басшылары халыққа адал қызмет ету керек және өздерін қалай ұстауды білу керек", - деді Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, бүгін Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен кеткен еді.

Оның орнына қала билігі тізгінін Ерлан Айтаханов алды.

Сіздің реакцияңыз
8
5
2
45
2
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel